Программа «Бонусы Вашей «Мечты»

Программа «Бонусы Вашей «Мечты»

Получайте вознаграждение за каждую покупку в магазинах «Мечта». Копите бонусы и делайте любые приобретения в магазинах «Мечта».

Совершайте покупки!«Бонусы Вашей «Мечты» - это просто и выгодно!

Просто пользуйтесь картой «Бонусы Вашей «Мечты» при каждой покупке и получайте выгоду в Бонусах!

Бонусами можно оплатить до 99,99% любой покупки!

Каждая новая покупка оплачивает следующую!

Бонусами можно оплатить покупку на сайте при оформлении заказа в разделе способ оплаты и в любом Розничном магазине.

Если вы открыли Бонусный счет в одном из наших магазинов, вам необходимо его зарегистрировать.

Только пройдя регистрацию вы сможете воспользоваться накопленными бонусами для оплаты покупок.

Если у вас еще нет Бонусного счета, откройте его совершив любую покупку в одном из наших розничных магазинов или в интернет-магазине.

Если у вас имеется не зарегистрированная Бонусная карта, пройдите регистрацию выбрав вариант «По номеру карты».

Программа «Бонусы Вашей «Мечты»

Получайте вознаграждение за каждую покупку в магазинах «Мечта». Копите бонусы и делайте любые приобретения в магазинах «Мечта».

Совершайте покупки!«Бонусы Вашей «Мечты» - это просто и выгодно!

Просто пользуйтесь картой «Бонусы Вашей «Мечты» при каждой покупке и получайте выгоду в Бонусах!

Бонусами можно оплатить до 99,99% любой покупки!

Каждая новая покупка оплачивает следующую!

Бонусами можно оплатить покупку на сайте при оформлении заказа в разделе способ оплаты и в любом Розничном магазине.

Скачайте правила программы «Бонус Вашей Мечты» (с 04 декабря 2020 г.)

«Сіздің Арманыңыздың бонусы» бейілділік бағдарламасының ережелері

1. Осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) сатып алушылардың «Сіздің Арманыңыздың Бонусы» бейілділік бағдарламасына қатысу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Негізгі терминдер Бағдарлама - «Сіздің Арманыңыздың Бонусы» адалдық бағдарламасы

Ұйымдастырушы - «Мечта Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Амман көшесі, 14; тел. + 7 (7172) 272- 641. Ресми веб-сайт: www.mechta.kz.

Дүкен - «Мечта» тұрмыстық техника және электроника дүкендерінің мамандандырылған желісі.

Интернет дүкені – Интернет желісінде www.mechta.kz сайтында орналасқан «Мечта» тұрмыстық техника және электроника сату дүкені.

Сайт - Қағидалардың қолданыстағы редакциясын, өзге де жарнамалық акциялардың шарттарын қоса алғанда, Интернет дүкені, Бағдарлама орналасқан www.mechta.kz адресі бойынша орналасқан Ұйымдастырушының интернет-сайты. Ақпараттық аймақ - Қатысушы тауарлар, қызметтер, Бағдарлама туралы қажетті анықтамалық ақпаратты ала алатын, Бағдарламада тіркеуді жүзеге асыра алатын Дүкендегі орын. Қатысушы - тіркеу күніне он сегіз жасқа толған, «Мечта» тұрмыстық техника және электроника дүкендерінің мамандандырылған желісінен сатып алған және бонустық шотты тіркеген жеке тұлға. Заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды. Карта - Бағдарламаға қатысушының бірегей нөмірі бар бонустық картасы (магниттік). 2017 жылдың 9 қазанынан бастап бонустық бағдарламаға қол жеткізу құралы Бонустық шот болып табылады, ол телефон нөмірі болып табылады. Телефон нөмірі - Бағдарламада тіркелген кезде көрсетілген Қатысушының ұялы телефон нөмірі. Телефон нөмірі Бонустық шотқа қол жеткізу құралы болып табылады. Бонустық Шот - есептелген, есептен шығарылған Бонустар және ағымдағы қалдық туралы ақпаратты көрсетуге арналған Ұйымдастырушы жүйесіндегі есепке алу жазбасы Бонустық Шотты тіркеу - қатысушының кассада, Сайтта (SMS-авторландыру жолымен) не Дүкендегі ақпараттық аймақта жүргізілетін авторландыру рәсімі. Бонустық шотты тіркеу қатысушыға тауарларды дүкендерден сатып алу кезінде жинақталған Бонустарды пайдалану құқығын береді. Бонустар - Бонустық Шотқа есептелетін виртуалды шартты бірлік. Бір бонус бір теңгеге тең, бұл ретте бонус ақша қаражаты болып табылмайды және Қатысушы қолма-қол ақша қаражаты түрінде бонустар ала алмайды. SMS-авторландыру - Қатысушыны оның Телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы сәйкестендіру рәсімі. Хабарда бір реттік құпия сөз бар. Промо-акция - Ұйымдастырушы «Мечта» дүкендерінде және/немесе Интернет-дүкенде өткізетін арнайы акция, оның шеңберінде сатып алушыларға қосымша пайда немесе Акциялық бонустар ұсынылады.

  • Ұялы телефон нөмірі;
  • Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
  • Туған күні; Жынысы (ер, әйел);
  • Электрондық пошта адресі (e-mail).
  • жеке куәлігін көрсеткен кезде кассада.
  • Дүкеннің Ақпараттық аймағында тиісті өтінішті толтырып өзгерте алады, бұл жағдайда дербес деректер 3 (үш) жұмыс күні ішінде жаңартылатын болады.
  • ұялы байланыс операторларының жиынтықтары;
  • сыйлық карталары мен сертификаттары;
  • Бонустармен толық төлеген тауарлар;
  • техниканы жеткізу, теңшеу және орнату қызметтері, сондай-ақ Дүкенде немесе Интернет-дүкенде көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері;
  • «Акциялық бонустар» есептелетін тауарлар.
  • Акциялық бонустар акцияның промо шарттарына сәйкес көрсетілген күндер саны арқылы тауарды алғаннан кейін есептеледі.
  • акциялық тауарларды сатып алу кезінде - сатып алу құнының 1% (сыйлықтары бар тауарлар, арнайы бағамен тауарлар, жеңілдіктер түні)
  • тауарды кредитке сатып алу кезінде - сатып алу құнының 1%;
  • қалған барлық жағдайларда - сатып алу құнының 2%.
  • Бонустардың саны нақты Промо-акцияның шарттарымен айқындалады;
  • Бағдарлама шеңберінде өткізілетін Промо-акцияға барлық Қатысушылар да, олардың Промо-акция шарттарында айқындалған жекелеген санаттары да қатыса алады;
  • Ұйымдастырушы Промо-акцияны өткізу мерзімдері мен шарттарын, оған қатыса алатын Қатысушылардың санаттарын дербес айқындайды;
  • нақты Промо-акцияны өткізу шарттарын Дүкеннен немесе Сайттан білуге болады.
  • Егер өткізілетін Промо-акция шарттарында өзгеше айтылмаса, Промо-акция шеңберінде есептелетін бонустар қолданылады және Базалық Бонустармен бірдей құндылыққа ие болады;
  • сыйлық карталары мен сертификаттарын сатып алу;
  • тұрмыстық техниканы жеткізу, теңшеу және орнату қызметтеріне, сондай-ақ Дүкенде немесе Интернет-дүкенде көрсетілетін басқа да қызметтерге ақы төлеу;
  • кредиттердің кез келген түрлері бойынша бірінші және кейінгі жарналарды төлеу;
  • ұялы байланыс операторларының жиынтықтарын сатып алу.

4.9. Пайдаланылған Бонустар сатып алу жасалғаннан кейін Қатысушының Бонустық Шотынан есептен шығарылады. Бонустардың бiр бөлiгiн пайдалану кезiнде қалған Бонустар қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн қолданылады. 4.10. Бонустар ішінара немесе толық төленген тауарды қайтарған немесе айырбастаған жағдайда осы тауарды сатып алу үшін пайдаланылған Бонустар Қатысушыға Бонустық шотқа қайтарылатын болады. Бонустардың сомасы Қатысушы бірден пайдалана алатын Қатысушының шотындағы соманы тексеру кезінде көрсетіледі. Бонустардың қолданылу мерзімі қайтарылған сәттен бастап және бонустардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін. 4.11. Бонустарды пайдалана отырып екі және одан да көп тауар төленген жағдайда, Бонустар басқа сатып алынатын тауарлармен салыстырғанда ең қымбат тауарға және әрі қарай ақы төлеу үшін есептен шығарылады. 4.12. Егер Қатысушы 2 (екі) және одан да көп тауарларды Бонустармен төлесе және одан кейін олардың біреуін қайтарса, Қатысушыға қайтарылған тауарға жұмсалған Бонустардың саны бонустардың мерзіміне тең кезеңге қайтарылады, егер бонустардың мерзімі аяқталған болса, онда бонустар қайтарылған күні сағат 23.59-ге дейін (осы күні) қолданылады. 4.13.Тауарды қайтару кезінде осы тауарды сатып алғаны үшін есептелген Бонустардың сомасы Бағдарламаға қатысушының шотынан есептен шығарылады. 4.14. Егер Қатысушы тауарды сатып алуды сертификатпен төлесе, онда сертификатпен төленген тауарды қайтарған кезде сома Қатысушының Бонустық шотына қайтарылады және Базалық бонустардың мерзіміне сәйкес қолданылады. 4.15.Техникалық іркілістер және/немесе бонустарды есептеу процесіндегі қателер нәтижесінде бонустар есептелген жағдайда, Қатысушы бұл факті туралы Ұйымдастырушыға хабарлауға міндетті.

4.16.1. Егер Қатысушы техникалық іркілістер және/немесе қателер нәтижесінде есептелген бонустарды пайдаланған жағдайда, бірақ тауар пайдаланылмаған жағдайда ғана оның тауар түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары және сатып алу фактісін растайтын құжат сақталған жағдайда, Ұйымдастырушы тауарды қайтаруды талап етуге құқылы. 4.16.2. Егер қайтарылатын тауарға қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда не Қатысушының қалауы бойынша Қатысушы Ұйымдастырушыға техникалық іркілістер және/немесе қателер нәтижесінде есептелген бонустардың сомасын ақшалай баламада толық көлемде өтейді: бір бонус бір теңгеге тең. 4.17.Тауарды қайтаруды немесе қате есептелген бонустарды қайтаруды Қатысушы Ұйымдастырушының талабын алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

  • Қатысушының кінәсі және/немесе ұқыпсыздығы бойынша;
  • үшінші тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылықтар (қылмыстық қылмыстар) жасаған жағдайларда;
  • еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен жағдайда (Форс-мажор) жасалса, жауапты болмайды.
  • қателесіп;
  • Қатысушының немесе үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы ic-әрекеттері нәтижесінде;
  • Бағдарлама қағидаларында көзделмеген өзге де негіздер бойынша есептелсе, Қатысушыны алдын ала хабарландырмай Ұйымдастырушының бастамасы бойынша есептен шығарылуы мүмкін.
  • Бағдарламаның осы Қағидаларын, сондай-ақ Ұйымдастырушының өзге де акцияларының шарттарын сақтамаған;
  • Ұйымдастырушы алаяқтық, алдау немесе Ұйымдастырушы, оның серіктестері, Қатысушының өзі немесе өзге де Қатысушылар, сондай-ақ кез келген үшінші тұлға үшін түрлі тұрпаттағы және дәрежедегі материалдық, моральдық және өзге де зиянды зардаптарға әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін өзге де айла-шарғылар ретінде бағалаған ic-әрекеттерді жасаған немесе жасауға ниеттенген;
  • Бағдарлама шеңберінде Қатысушыға берілетін қандай да бір құқықтарды теріс пайдаланған;
  • Сайтта дербес деректерді дұрыс толтырмаған;
  • Ұйымдастырушыны жаңылыстыратын не шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты (мәліметтерді) ұсынған жағдайда оның Бонустық шотын бұғаттауға құқылы.

Правила программы лояльности «Бонус Вашей Мечты»

1. Настоящие правила (далее – Правила) определяют порядок и условия участия покупателей в программе лояльности «Бонус Вашей Мечты».

📎📎📎📎📎📎📎📎📎📎